Құрметті зайсандықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында бүгінге жеткен Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ. Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің жиырма алты жылда аяғынан тік тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасымыздың салиқалы саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын! Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!

 

Аудан әкімі                                                                                 Т.Қасымжанов

Құрметті жерлестер!

Сіздерді айтулы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1 желтоқсан  – тарихи таңдауымыздың бiрлiгi, барлық қазақстандықтардың ынтымағы жарасқан күнi. Бұл күн республика тұрғындарын ұлты мен дiни ұстанымына қарамастан экономикалық және әлеуметтiк iс-шараларды жүзеге асыруға жұмылдырады. Тұңғыш Президент күнi – бүкiлхалықтық мереке, Елбасының ерен еңбегiне деген тағзым.

Бүгiнгi мереке күнi Сiздерге зор денсаулық, бақыт, береке-бiрлiк тiлеймiн! Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға бірге қол жеткізейік!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

 

Құрметпен, Зайсан ауданының әкімі                                     Т.Қасымжанов 

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күні – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен ынтымақтастықтың, ырыс пен молшылықтың мерекесі.

Наурыз адам баласын тек ізгілікке, жақсылыққа, жаңаруға ұмтылдырады. Бұл күнді халқымыз жақсылықтың жаршысы, бірліктің бастауы деп білген.

Көне шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз жыл басы болып саналады. Ал Жаңа Жылмен бірге әрбір адам жаңа жоспарлар құрады, алдағы күндерден үміт күтеді. Ендеше, сол арман-тілектеріңіз орындалып, шаңырақтарыңызда шаттық, береке-бірлік және молшылық бола берсін.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Т.Қасымжанов

Құрметті жерлестер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2017 – тауық жылымен

шын жүректен құттықтаймын!

 

Баршаңыздың отбасыңызға амандық, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, береке-бірлік, сарқылмас бақыт, таусылмас қажыр-қайрат, арайлап атқан әр таңыңызға шаттық пен қуаныштың мол арнасын тілеймін!

Ізгі тілекпен:   Аудан әкімі                 Т.Қасымжанов

Құрметті жерлестер!

Сіздерді  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттік  мейрамымен шың жүректен құттықтаймыз!

 Тұңғыш президент күні – бұл тарихи таңдауды жасау және  Қазақстанның ұлттық бірлік және келісім күні. 

Отбасыларыңызға әл-қуат, денсаулық және бақыт тілейміз. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы әрі қарай дамып, өркендей берсін! Барлық бастамаларымыз жемісті, ал болашағымыз – жарқын болсын! 

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды мемлекетіміздің құрылымын айғақтап, барлық Заң негіздердің бастауы болып отырған Конституция Күнімен құттықтаймын!

Конституция – мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Еліміз 2050 жылға дейінгі үзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бастысы – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі. Стратегияның барлық мақсаттарына қол жеткізу қазақстандықтардың бірлігі мен Конституция қағидаларын мүлтіксіз орындау негізінде мүмкін болмақ.

Осынау мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Баршаңызға игілік пен бақ-береке тілеймін!

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін! Шаңырақтарыңыздан шаттық, бастарыңыздан бақ кетпесін!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты НҰРТАЙ САЛИХҰЛЫ САБИЛЬЯНОВТЫҢ Зайсан ауданы тұрғындарымен кездесу КЕСТЕСІ

2016 жылғы 11-12 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

НҰРТАЙ САЛИХҰЛЫ САБИЛЬЯНОВТЫҢ Зайсан ауданы тұрғындарымен кездесу

КЕСТЕСІ

 

Қала, ауылдық округі  атауы Елді мекен атауы Өтетін күні, уақыты Өтетін орны
Біржан ауылдық округі Біржан ауылы 11.07.2016 ж

10.00

Клуб үйі
Қаратал ауылдық округі

 

Қаратал ауылы 11.07.2016 ж

14.00

Мәдениет үйі
Сартерек ауылдық округі Сартерек ауылы 11.07.2016 ж

17.00

Мәдениет үйі
Зайсан қала округі Зайсан қаласы 12.07.2016 ж

11.00

Аудандық мәдениет үйі
Мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтау!

Құрметтi жерлестер!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Астана күні – барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды, мағыналы мереке. Астана тарихы – тәуелсіз Қазақстан тарихының ең жарқын беттерін құрайды.

Биыл дархан даламыздың төрiнде Азаттықтың салтанат құрғанына 25 жыл. Бұл — егемендi елдiң өткенiмен сабақтасып жатқан төл тарихы.

Осынау жасампаз жиырма бес жылда ел болып тындырған тыңғылықты iстерiмiз халықаралық аренада зор бағаға ие болды.

Әр елдiң болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдерi болады. Сондай кезең — бiз үшiн Елбасының бастамасымен астанамыздың Сарыарқа төрiне көшiрiлуi екенiн уақыттың өзi дәлелдеп отыр. Тәуелсiз жылдар iшiнде Астана әлемге танылды және елiмiздi де әлемге танытты деп айта аламыз.

Еуразия көркiне айналып отырған Астана бiздiң жас мемлекетiмiздiң қайта өркендеуiнiң символы.

Астана күнi бiз үшiн жалпыұлттық мереке! Мерекелерiңiз құтты болсын, ардақты ағайын! Баршаңызға денсаулық, игiлiк пен бақыт, тыныштық, береке-бiрлiк тiлеймiн.

Тәуелсiздiгiмiздiң тiрегi, елдiгiмiздiң жүрегi — Астанамыз асқақтай берсiн! Бас қаламыз, жас қаламыздың мерейi үстем болып, елiмiздiң абыройы арта берсiн!

Ораза айт мерекесімен құттықтау!

Құрметті жерлестер!

 Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – өзін-өзі кемелдендіру және рухани тазалау кезеңі, әлемнің барлық мұсылмандары үшін діни мерекелердің маңыздысы болып табылады.

Ораза айт игі істермен, жақындарға қамқорлықпен, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық пен жанашырлық танытумен ескеріледі. Ислам – барлық адамзатты тұрақтылық пен тыныштыққа шақыратын, келісім мен толерантты дін. Осы бағалы құндылықтарды тек мұсылмандар ғана емес, сонымен қатар биыл 25 жылдық мерейтойды атап өткелі отырған тәуелсіз республикамыздың халқы да қастерлейді.

Қазақстандықтар, сонымен қатар зайсандықтар, өзінің рухани мұрасының байлығын, бірегей тарихи, мәдени және діни дәстүрлерін мақтан тұтады, бұған қоса, олардың қоғамдағы түрлілігін қадірлейді және мемлекетіміздің азаматтары арасында сенімді сақтауға ұмтылады.

Құрметті жерлестер! Бұл қасиетті мереке күні Сіздерге діни келісім, мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

Тәуелсіз Қазақстанның полициясы күнімен!

Құрметті аудандық ішкі істер

бөлімінің қызметкерлері!

Сіздерді Тәуелсіз Қазақстанның полициясы

күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Сіздерге тән қажырлылық, табандылық, жауапкершілік, рухынан таймаушылық, антына беріктік алдарыңызда тұрған міндеттерді орындауда зор жауапкершілік жүктейді. Жауапкершілігі мен міндеті жоғары қызметтеріңізді абыроймен атқарып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі тәртіп пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы әрбір полиция қызметкерінің қажырлы еңбегін халық әрқашан бағалайды.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайын арнаған дәстүрлі Жолдауларында қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жүргізудің маңызының зор екенін атап көрсетіп келеді. Осы мақсатта тәртіп сақшылары артылған сенім жүгін үлкен жауапкершілікпен орындауда.

Құрметті полиция қызметкерлері!

 Баршаңызға кәсіби шыңдалу, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт, береке-бірлік тілейміз! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!