Әкім өмірбаяны

Зайнулдин Серік Зинабекұлы

Зайнулдин Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары – Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті. 1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы «Айнабұлақ» кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1991-1993 жылдары – «Айнабұлақ» кеңшарының директоры, 1993-1997 жылға дейін – аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1997-2004 жылдары Зайсан ауданы әкімінің орынбасары, 2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды. 2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі, 2010 – 2013 жылдары Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2013 -2020 жылдары Үржар ауданының әкімі. 2020 жылдың 24 ақпанынан Зайсан ауданының әкімі болып тағайындалды. Үйленген, үш баланың әкесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.