Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күні – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен ынтымақтастықтың, ырыс пен молшылықтың мерекесі.

Наурыз адам баласын тек ізгілікке, жақсылыққа, жаңаруға ұмтылдырады. Бұл күнді халқымыз жақсылықтың жаршысы, бірліктің бастауы деп білген.

Көне шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз жыл басы болып саналады. Ал Жаңа Жылмен бірге әрбір адам жаңа жоспарлар құрады, алдағы күндерден үміт күтеді. Ендеше, сол арман-тілектеріңіз орындалып, шаңырақтарыңызда шаттық, береке-бірлік және молшылық бола берсін.

Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Т.Қасымжанов

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз