Тәуелсіз Қазақстанның полициясы күнімен!

Құрметті аудандық ішкі істер

бөлімінің қызметкерлері!

Сіздерді Тәуелсіз Қазақстанның полициясы

күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Сіздерге тән қажырлылық, табандылық, жауапкершілік, рухынан таймаушылық, антына беріктік алдарыңызда тұрған міндеттерді орындауда зор жауапкершілік жүктейді. Жауапкершілігі мен міндеті жоғары қызметтеріңізді абыроймен атқарып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ішкі тәртіп пен қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы әрбір полиция қызметкерінің қажырлы еңбегін халық әрқашан бағалайды.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайын арнаған дәстүрлі Жолдауларында қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес жүргізудің маңызының зор екенін атап көрсетіп келеді. Осы мақсатта тәртіп сақшылары артылған сенім жүгін үлкен жауапкершілікпен орындауда.

Құрметті полиция қызметкерлері!

 Баршаңызға кәсіби шыңдалу, толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт, береке-бірлік тілейміз! Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!

Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтау!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!

 Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату.  Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Ізгі тілекпен:                                       Т.Қасымжанов,

                                                                аудан әкімі

Жаңа 2015 жыл жетістікке толы жемісті жыл болсын!

Құрметті зайсандықтар, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды табалдырығымыздан аттаған жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылдан күтеріміз мол. Бұл тарихи атаулы мерекелерге толы жыл болмақ. Аудан жұртшылығын босағадан аттаған жаңа 2015 жылмен құттықтаймын. Бұл жыл шаттық пен қуанышқа, жақсылыққа толы болсын! Армандарыңыз бен мақсаттарыңыз орындалсын, жаңа жылдың арайлап атқан әр таңы әрбір шаңыраққа құт пен ырыс әкелсін!

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің күні

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

          Кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлерінің күніне байланысты шын жүректен шыққан құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Сіздердің елеулі еңбектеріңіз ерекше құрмет пен сенімге ие, себебі Сіздерді әрқашан жоғары жауапкершілік, адамдарға қызмет жасау, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым даяр тұру секілді қасиеттер ерекшелендіріп тұрады.

Ұлт денсаулығы, денсаулық жүйесін жетілдіру, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

«Медицина – кәсібі адамгершіліктің асылы». Сондықтан осы мерекеде барлық медицина қызметкерлеріне мықты денсаулық, шаңырақтарына амандық, жауакершілікке толы қызметтеріне сәттілік пен табыс, төзімділік пен күш – қайрат, отбасыларына береке мен шаттық тілейміз.

25 мамыр – соңғы қоңырау күні

Құрметті ұстаздар, мектеп түлектері, оқушылар!

Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз. Соңғы қоңырау – мектеп тарихында орын алатын айтулы мереке, қуанышты оқиға. Бұл күн осыдан он бір жыл бұрын мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған балғынның таудай болып үлкен өмірге қанат қағып, болашаққа қадам басатын сәті.

Он бір жыл білім алған алтын ұя мектептеріңіз бен аяулы ұстаздарыңызбен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алу – түлектерге үлкен міндет жүктейді. Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Мемлекет басшысы жас ұрпақ тәрбиесін, білім беру ісін ерекше назарға алған. Себебі, еліміздегі игіліктердің барлығы елдің болашағы – жас ұрпақ келешегінің жарқын болуына жасалып отырған қадам.

Құрметті түлектер! Сіздерді алда үлкен сынақ күтіп тұр. Ол – Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы. Бұл сыннан сүрінбей өтіп, алған білімдеріңізді дәлелдеп, нәтижелі жетістіктерге жетеді деген сеніміміз мол. Сіздерді білім бәйгесінде топ жарып, келешекте жақсы азамат, білікті маман болып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне лайықта үлес қосады деген сенімдеміз. Қадамдарыңыз сәтті болсын, сіздерге ақ жол тілейміз.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

Құрметті жерлестер, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері!

         Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан 69 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері  9 мамыр жұртшылық жадында майдангерлердің ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастықтың символы болып келеді. Аға ұрпақтың қолымен келген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жадымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан майдан болса, Ұлы Жеңіс күні аға ұрпақтың өрлігін, ерлігін мәңгілікке ел жадында  сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Бүгінгі жас ұрпақ – ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.

Қымбатты майдангерлер, тыл ардагерлері! Сіздер Отанымызды  жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт өмірде еліміздің – игілігіне адал еңбек еттіңіздер, даңқты ерлік дәстүріне адалдық пен патриотизмнің, қаһармандықтың өнегелі үлгісін әйгілеп келесіздер.

Аға ұрпақ өкілдері, аталарымыз бен апаларымыз бақытты болашақ үшін отқа түсті,   қайғы – қасірет шекті, адам төзбес ауырлықты көтерді. Олардың жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес өнеге болып қала бермек.

Әрдайым құрметті ардагерлердің алдында ерекше бас иеміз.

Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол бақыт,шаттық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

 

Отан қорғаушылар күні

Құрметті жерлестер!

          Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – мемлекет тарихының айшықты белесі, егеменді еліміздің күш – қуатының көрінісі, батырлық пен табандылықтың, Отансүйгіштік пен мемлекетке шексіз қызмет көрсетудің нышаны.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, алайда Отанға  сүйіспеншілік, қажырлық, ерлік, жауынгерлік рух өзгеріссіз қалады. Бүгінгі таңда Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне  айналды.

Осындай мерейлі мерекеде Сіздерге шын жүректен денсаулық, бақыт пен татулық, әр отбасына ізгіліктер мен игіліктер, шаңырақтарыңызға құт – береке тілейміз.

Ұлыстың Ұлы күні

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Наурыз жер әлем, Табиғат-ана оянып, тіршілік тынысы жаңарып қайта түлейтін күн. Ата-бабадан қалған жақсыны, бүгінгі жаңамен ұштастырып, жыл сайын дәстүрге айналған Наурыз мерекесі құтты болсын! Адамға қуат пен жігер беретін, адамгершілік пен мейірбандылық сезімін оятатын, адамның ішкі болмысының тазаруына жол ашатын қасиетті күн халқымыздың өмірінде ерекше орын алады. Мереке берекелі тірлік пен еселі еңбекке ұлассын!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – өмірдің тірегі, шаңырақтың шырағы, тіршіліктің шуағы. Өңіріміздің әлеуеті мен экономикасының өркендеуіне үздіксіз зор үлес қосып келе жатқан аналар мен әпке, қарындастарымыздың денсаулық пен білім, өнер мен ғылым, кәсіпкерлік пен шаруашылық саласында айшықты қолтаңбалары бар. Нәзік жанды болмысына іскерлік пен еңбекқорлығын, сабырлық пен қамқорлығын, береке мен бірлікті ұштастыра білген әйел затының қоғамдағы орны ерекшеленеді. Баршаларыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Көктемнің алғашқы мерекесі қуаныш пен шаттық, бақыт пен береке, құт-дәулет әкелсін!

Тәуелсіздік күні

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын. Қазақстан тәуелсіздігі – ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі. Азаттық рухын кешегі сталиндік нәубет пен саяси қуғын-сүргін зобалаңы да тұншықтыра алмады. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақ даласы босқынға ұшыраған сан мыңдаған ұлт пен ұлысты бауырына басты. Қандай қиындықты бастан кешсе де халқымыздың қайсар рухы мұқалмады. Желтоқсан көтерілісі кезінде жастарды алаңға алып шығып, қарсы көтерген де сол тәуелсіздікті аңсаған асқақ арман болатын. Осы уақыт ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті жасампаздық пен биік деңгейге көтерілді. Еліміз бар қиындықты еңсеріп, аймақтағы көшбасшы елге айналды. Сарыарқаның төсіндегі, Еуразия кіндігіндегі айшықты елордамыз – әсем Астана бой көтерді. Бүгінде сұлулығымен тамсандырған, зәулім ғимараттары көк тіреген Астана өсіп, өркендеу, гүлдену үстінде. Зайсан өңірінің де әлеуеті артып, халықтың тұрмыс-жағдайы жақсара түсті. Тағы да баршаларыңызды мерекелеріңізбен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, игілік пен жақсылық тілеймін!