Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Журналистер – қашаннан қоғамның белсенді күші. Олар халық үшін қызмет істейді. Белгілі қоғам қайраткері Міржақып Дулатов: “Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор” деген болатын. Заман ағымына сай бүгінгі таңда баспасөздің маңызы артып, қаламгерлер қауымы Тәуелсіз елеміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Бұл салада өңір өмірін әйгілеп, Елбасының саясатын насихаттауда аудан журналистерінің еңбегі қомақты. Баспасөз қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық еңбектеріңізге шалқар шабыт тілеймін!

Қазақстан футболының 100 жылдығы

Құрметті аудан спортшылары, жас жеткіншектер!

Сіздерді Қазақстан футболының 100 жылдығы құрметіне орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған ХVII-ші халықтық ойындарының, IX-шы балалардың “Сәулетай” спорттық ойындарының ашылу салтанатымен құттықтаймын! Спорт – салауатты өмір салты, денсаулық кепілі. Бүгінгі таңда елімізде әр адамның салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Спорт кешендері мен алаңдардың салынуы – соның жарқын көрінісі. Ауданымыздың намысын қорғау жолындағы додалы сайыста Сіздерге тек сәттілік пен жеңіс тілеймін!

23 маусым – Полиция күні

Құрметті Зайсан аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері!

Сіздерді 23 маусымда аталып өтетін кәсіби мерекелеріңіз – Полиция қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Адамдар өмірінің тыныштығы үшін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтап, қылмыстық әрекеттердің алдын алу жолында Сіздердің күнді түнге жалғаған сеселі еңбектеріңіз өзіндік ерекшелігімен әрдайым ел есінде жүретіні шындық. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға қуаншы пен бақыт, қиындығы басым, жауапкершілігі мол қызметтеріңізге табыс пен әрқашан сәттілік тілеймін!

Медицина қызметкері күні

Құрметті медицина саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бүгінгі таңда елімізде “Саламатты Қазақстан – 2015” бағдарламасы жүзеге асырылып, денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Медициналық қызметтің қолжетімділігіне, аурудың алдын алуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға кешенді шаралар жасалған. Елбасының тапсырмасымен халықтың жаппай дене шынықтырумен және спортпен айналысуына мүмкіндік жасалып, емдеу-диагностикалық орталықтары құрылып, көліктік медицина дамытылуда. Денсаулық сақтау орындарының материалдық-техникалық базасы жақсартылуда. Осы саладағы Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз өлшеусіз. Шипалы емдеріңіз, жылы сөздеріңізбен адам жанына арашашы болып жүрген ақ желеңді абзал жандар, Сіздерге әрдайым айтар алғысымыз шексіз. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге жеміс, шаңырақтарыңызға таусылмас қуаныш тілеймін!

Екі жаққа да тиімді байланыс

Корме          Выставка

2013 жылдың 27 мамыр күні Зайсан ауданындағы жаңадан салынып жатқан «Майқапшағай» бірыңғай бақылау өткізу пунктінің аумағында ҚХР ШҰАР аймағынан әкелінген шағын ауылшаруашылығы техникалары көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің ашылу салтанатына екі мемлекеттің өкілдері, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары В.И.Кошелев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Д.М.Селиханов, облыстағы қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен ауылшаруашылығы бөлімдерінің бастықтары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, фермерлер, көршілес елдің Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық ауданы Алтай округі губернаторының орынбасары Ван Шын Пин, Жеменей аудандық мәслихатының хатшысы Бекен Қозшыбай, орынбасары Күлән Сәду, Жеменей ауданының әкімі Жалын Нұрғамит секілді көптеген сала басшылары қатысты. Салтанатты сәтте кезекпен сөз алған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары В.И.Кошелев, Қытай жақтан ресми делегацияны бастап келген ҚХР ШУАР Алтай округі губернаторының орынбасары Ван Шын Пин екі тараптар арасындағы осы кездесуге дәнекер болған көрменің негізгі мақсатына жан-жақты тоқталып, алдағы уақыттағы іскерлік, достық байланыстарды нығайтуға байланысты өз пікірлерін ортаға салды. Тараптар өз сөздерінде Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай мемлекеті арасындағы экономикалық әріптестікті кеңінен нығайту, әсіресе, сауда-саттық пен мәдени байланысты жақсартудың мәселесін көтерді. Содан кейін көрменің ашылу рәсімін жасап, лентасын қиды. Көрмеге Қытай Халық Республикасындағы ШУАР-дан шығарылған алты компанияның ұсақ шаруашылықтарға арналған алпыс үш түрлі 65 дана ауылшаруашылығы саласына қажетті техникалары қойылды. Облысымыздың әр ауданынан келген фермерлер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері өздеріне қажетті техникаларды сатып алуға ниет білдірді.Көрмені тамашалаушыларға әрбір техника жөнінде Қытай Халық Республикасының Жеменей аудандық ауылшаруашылық бөлімі партия ұйымының хатшысы Ақыл Қойбақ жете таныстырды. Әсіресе, картоп егетін, дәнді дақылдың тұқымын себетін, дән ақтағыш, қар күрейтін, әрі жерді тегістейтін, орам шөптерді дайындайтын техникалар, жүгері дәнін оратын комбайн,жем тартатын, шөп турайтын агрегаттар көрмені тамашалаушылардың қызығушылығын тудырды. Осы күні көрмеден ауылшаруашылық құрылымдарының өкілдері өздеріне қажетті 4 техника сатып алды. Көрмені тамашалауға келген Көкпекті ауданы «Өрнек» ЖШС төрағасы Р.Сүйіндіков, Жарма ауданы «Өр Алтай», «Жаңа ел» шаруа қожалықтарының жетекшілері Төлеухан Медет, Мұхтар Тойғұл, зайсандық шаруа қожалықтарының жетекшілері Б.Тантыбаев, Р.Мәжитов өз пікірлерімен бөлісіп, бұл көрмедегі техникалардың қолжетімділігін назарға алды. Қытай Халық Республикасынан келген делегация және көрмені тамашалауға келген қала және аудан өкілдері аудандық мәдениет үйі және Зайсан қаласындағы музыка мектебінің балғын өнерпаздарының концертін тамашалады. Сонымен бірге аудандағы Өнер мектебі шәкірттері жасаған техникалық модельдердің көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының мамандары Шілікті қорғанынан табылған «Алтын Адам» бұйымдары туралы деректермен таныстырды. Бұл күні келген қонақтар қаз-қатар тізілген ақшаңқан киіз үйлерде жайылған ақ дастарқаннан дәм татып, ұлтымызға тән қонақжайлылыққа риза болып, халықаралық деңгейде өткізілген көрмеден мол әсер алды…

25 мамыр – Соңғы қоңырау

Құрметті ұстаздар, оқушылар, мектеп бітіруші түлектер!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен, соңғы қоңырау күнімен құттықтаймын! ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оған қол жеткізу білім саласының жаңа жүйесін қамтамасыз етуге байланысты. Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойды. білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл салада оқытудың түбегейлі жаңа сапасына қол жеткізуде аудан ұстаздары абыройлы биіктен көрініп келеді. сіздердің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жанкешті еңбектеріңізге әр уақытта бас иеміз, құрметтейміз№ Бүгінгі соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектер үшін есте қалатын сәт. Сіздер Тәуелсіз еліміздің бүгіні мен ертеңіне қызмет жасайтын, аға ұрпақтың бастамаларын жалғастырушы ұрпақсыздар. Қадамдарыңыз сәтті, үлкен өмірдегі жолдарыңыз ақ болсын! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, толағай табыс, мұқалмас жігер тілеймін!

Ұлы Жеңіс күні

Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер, тыл ардагерлері, жерлестер!

Сіздерді 9 мамыр Ұлы Жеңістің 68 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Тарих парағында қатталған Ұлы Отан соғысының отты кезеңі ешқашан ұмытылмайды. Аға ұрпақ өкілдері сол сұрапыл жылдарда ерлік пен қаһармандықтың ең жоғарға үлгісін көрсетті. Соғыстан кейінгі күйреген экономиканы қалпына келтіруде қажырлық танытып, сүбелі үлестерін қосты. Сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз, отансүйгіштіктеріңіз, бауырмалдық пен ынтымақтастық қасиеттеріңіз бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің салтанат құруы да Сіздердің майдан даласындағы ерліктеріңіз бен тылдағы жасампаздық, жанқиярлық еңбектеріңіздің нәтижесі. Бүгінгі күні қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, ерлікпен қаза болған әкелер рухына тағзым ету – әрқайсымыздың қастерлі парызымыз. Сіздердің ерлік істеріңізге әрқашан бас иеміз. Мамырдың мамыражай күнінде баршаға шуақ шашып, жылылық сезімін ұялатқан, ерліктің үлгісі болған Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! Сіздерге баянды бақыт, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін!

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Құрметті аудан тұрғындары, жерлестер!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Мемлекетіміздің қорғанысын күшейтіп, еліміздің тыныштығын сақтауда Қазақстанның Қарулы Күштері аға ұрпақтың ерлігін жалғастырып келеді. Егемендігіміз бен саяси салмағымызы нығайтуда, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда жеткен жетістігіміз мемлекетіміздің қанатын қатайтып, әрқайсымыздың жүрегімізге сенімділік ұялатады. Соның бірі – жүрегінде отансүйгіштік сезімі қалыптасқан әрбір жастың Отан алдындағы борышын өтеуге ынта білдіруі адалдық пен сүйіспеншіліктің дәлелі. Сіздерді мамыражай мамыр айындағы Қазақстанның Қарулы Күштерінің 21 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Әрбір шаңыраққа зор бақыт, мол қуаныш, амандық тілеймін!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті аудан тұрғындары, жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында: «… еліміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ»,- деді. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Бүгінде көпұлтты Қазақ елінде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың арман-мақсаты, мүддесі ортақ. Тәуелсіз еліміздің дамуына бірге үлес қосып келе жатқан барлық ұлт өкілдері біздің бауырларымыз секілді. Зайсан өңірінде де ынтымағы жарасым тапқан оннан аса ұлт өкілдері қазақпен бауырласып, бақытты ғұмыр кешуде. Сіздерді баршаға ортақ мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмей, бақытты да бақуатты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін. Еліміз үшін атқарып жатқан толағай табыстарыңыз тасқындай берсін!

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат-ана қайта жаңғырып, түлейтін – Әз Наурызбен шын жүрегіммен құттықтаймын! Күллі шығыс жұртына ортақ мереке – Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан-дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл – кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсініктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, Тәуелсіз еліміздің өркендеп-өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным бар. Қазіргі уақытта Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтына, діни сеніміне қарамастан Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруына үлкен үлесін қосып отыр. Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін. Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!