Астана күні

Құрметті Зайсандықтар!

Сіздерді Елордамыз Астана күнімен құттықтаймын! Астананың мерейтойы – барша елдің еңсесін көтеретін ұлы той. Тәуелсіз қазақ елінің айбыны, асқақ мәртебесін көтеретін Астанамыз күннен-күнге қарыштап, өркендей берсін. Баршаңызды астананың төл мерекесімен құттықтаймын! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз еселеніп, денсаулықтарыңыз мықты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, береке –бірлігіміз арта берсін!

Журналистика күні

Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – баспасөз қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Егеменді еліміздің төртінші билік өкілдері Сіздердің қаламдарыңыз арқылы аудан өмірінің тыныс-тіршілігі, игілікті істері сан қырынан әйгіленіп, оқырман қауымының жүрегіне жол табады, қаламдарыңыз мұқалмасын! Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға әрқашан қуаныш, шаттық, қажымас қайрат тілеймін!

Қазақстан полициясы күні

Құрметті аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасы полициясының құрылуына жиырма жыл толған торқалы тойымен, осынау мерейлі сәттегі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі істер саласы айтулы мерзім ішінде айбындылығы, қырағылығымен биік асулардан көрініп, талай белестерді бағындырды. Соның ішінде ауданымыздың ішкі істер бөлімінің өзіндік қалыптасу тарихы ондағы әр бөлімшедегі қызметкерлердің өнегелі ісі, тағылымды жолымен ерекшеленеді. Баршаңыздың өмірлеріңізге мықты денсаулық, арайлап атқан әр күндеріңізге бақыт пен қуаныш, шаңырақтарыңызға шаттық, қоғамдағы тәртіпті қадағалап, қауіпсіздік пен тыныштықты сақтап, қылмыстық әрекеттермен күресіп, ел өмірін қорғаудағы қиындығы мен жауапкершілігі басым кәсіби қызметтеріңізге әрдайым сәттілік, табыс тілеймін!

Медицина қызметкерлерінің күні

Құрметті Зайсан аудандық медициналық бірлестіктің ақ халатты мамандық иелері!

Баршаңызды медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақыт пен қуаныш, денсаулық сақтау саласындағы қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметтеріңізге әрдайым сәттілік тілеймін!

9-мамыр

Құрметті Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды тарихымызда тайға таңба басқандай із қалдырған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін баршамыз жоғары көңіл –күймен тойлап отырған мереке біздің ұрпаққа өздігінен келмегенін ұмытпайық! Бұл мереке әкелердің қанымен, аналардың көз жасымен, тұтастай бір замана ұрпағының ерлігімен келген. Соны бағалай білейік! Мерекелеріңіз құтты болсын» өткен ғасырда бар әлемді шарпыған соғыс өрті енді қайта тұтанбасын. Ардагер ата-әжелерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, барша елімізге ашық аспан, бақыт пен бейбітшілік тілеймін!

1-мамыр

Құрметті аудан жұртшылығы, жерлестер!

Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Жүздеріңізден шаттық кетпей, аспандарыңыз ашық болсын» сіздерге толағай табыс, молшылық, береке-бірлік тілеймін! Қажымас қайраттарыңыз бен мұқалмас жігерлеріңіздің арқасында ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, ұлттар арасындағы татулықты сақтауға, Тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өздеріңіздің үлестеріңізді қоса береді деген сенімдемін!

22-наурыз

Құрметті аудан жұртшылығы, жерлестер!

Жасампаздығы мен әлеуеті, қуаты мен ынтымағы жарасқан еліміздің әр шаңырағына жыл басы – Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы құт пен ырыс, ынтымақ пен береке, шаттық пен қуанышын әкелсін! Әз Наурыз құтты болсын! Той тойға ұлассын!

8-наурыз

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы қарындастар, арулар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабамыз көздің қарашығындай аялап, алтынға балап бағалап, сенімді серігі ретінде сүйенген әйелдер қауымы қай заманда болсын қоғам дамуының мықты тірегі бола білген. Бүгінгі Тәуелсіз елімізде нәзік жанды әйелдер қоғамның барлық саласында отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Солардың қатарында біздің де жерлестеріміз бар. Ару көктемнің мерекесінде отбасыларыңызда ырыс, құт, шаттық пен татулықтың рухы сарқылмасын. Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш, шаңырақтарыңызға шаттық, таусылмас бақыт әкелсін! Аңсаған армандарыңызға жетіп, бақыт құшағына бөлене беріңіздер! Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін!